$ 444.32  473.33  4.76

Түркістан облысында ауызашар кезінде жарылыс болды

Түркістан облысының Сайрам ауданында ауызашар кезінде жарылыс болды, деп хабарлайды NUR.KZ.

Газ балонының жарылуы салдарынан сегіз адам 19 пайыздан 90 пайызға дейін күйік алып қалған.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ауызашар өткен дәмхананың иесі мен оның 5 жасар ұлы қатты күйіп қалды. Бүлдіршін аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Дәмхананың иесі біраз жылдан бері шаурма жасап сатумен айналысып келген.

Қазіргі таңда мамандар оқиғаның себеп салдарын анықтауда.

"Сайрам аудандық орталық ауруханасында сегіз адам жатыр. Оның үшеуінің жағдайы ауыр. Олардың арасында бес жасар бала бар. Алты адам жансақтау бөлімінде. Науқастарға барлық медициналық көмек толық көрсетілуде.

Олардың жағдайы бірқалыпты болған жағдайда науқастар Облыстық клиникалық ауруханаға ауыстырылады"-деп мәлімдеді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары