13.05.2019, 03:10

ШҚО-да өзен жағасынан еліктердің өлекселері табылды

Көкпекті ауданындағы Құлынжон өзенінің маңынан алты еліктің өлексесі табылды, деп хабарлайды Алтайньюс Yk-news порталына сілтеме жасап.

Бұл оқиға жайлы ақпаратты сайт оқырманы мәлім еткен. 

«10 мамырда Көкпекті ауданындағы Құлынжон өзенінің маңындағы құмға бардық. Бұл қорықшаның аумағы. Сол жердің қақ ортасында сұмдық жайтқа тап болдық: алаңқайда алты еліктің өлексесі жайрап жатыр. Еліктердің сирақтары мен мүйіздері ғана қалған десе болады. Браконьерлердің ісі ме деп ойлаймын. Өйткені қасқыр шапқан болса, еліктердің тек сүйегі ғана қалар еді. Неге аң аулауға тыйым салынған мерзімде қорғалатын аумақта мұндай жағдайға жол берілген?» - деп жазады Елена есімді Өскемен қаласының тұрғыны.

 

Тегтер: ШҚО елік өзен