$ 444.22  476.38  4.82

БАӘ жағалауында 4 кемеге шабуыл жасалды

Біріккен Араб Әмірліктерінің шығыс жағалауындағы Фуджейр портында бірнеше мемлекетке тиесілі төрт сауда кемесіне 12 мамырда шабуыл жасалды, деп хабарлайды baq.kz.

«Таңертең Фуджейр эмиратының шығыс жағалауына таяу БАӘ территориялық суларына жақын жерде әртүрлі елге тиесілі төрт кемеге вандализм актілері жасалды», - делінген СІМ мәлімдемесінде.

«Шабуылдан жарақат алғандар мен қаза тапқандар жоқ екені, сонымен қатар кемелерден ешқандай зиянды заттар мен отын төгілмегені» ескертіледі.

БАӘ билігі жергілікті және халықаралық органдармен бірлесе оқиғаның мән-жайын тергеуді бастап кетті.

Қазір Фуджейр портында жұмыс қалыпты жүріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#шабуыл #БАӘ