$ 449.58  486.94  4.86

«Байзақоваға сырға салынды»: Интернет қолданушылары желіде тараған видеоны талқылап жатыр (ВИДЕО)

Атышулы блогер Айжан Байзақоваға сырға салынғаны рас па? Әлеуметтік желілерде Айжанға ұқсайтын қыздың қалыңдық атанған сәті бейнеленген видеоролик тарап кетті. 

Желі қолданушыларының дені бойжеткеннің Байзақова екеніне сенімді. Ал, өзгелері видеодағы қыздың мүлдем басқа адам екенін жазып жатыр. Видеоролик Instagram әлеуметтік желісіндегі Gashyktar_kaz парақшасында жарияланған. Бір қызығы, Айжан Байзақованың інісі Әлихан Байзақов өз Instagram парақшасындағы дәл осы видеомен бөліскен және «Ура» деген сөзбен толықтырған.

Қалыңдықтың Айжан, әлде Айжан еместігі алдағы уақытта белгілі бола жатар. Десе де, желі қолданушыларының пікіріне қарап, атышулы блогердің күйеуге шыққанын қалайтындары көп екенін аңғаруға болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары