$ 498.34  519.72  4.85

Ақсуда өзін өртеп көз жұмған ерлі-зайыптылардың ұлы ауруханадан шықты

Ақсудағы қайғылы оқиғадан кейін денесінің 60% күйік шалған 26 жас шамасындағы ер адам жансақтау бөліміне жеткізілген еді. Бүгінге дейін ем қабылдаған ол ауруханадан шығарылды, деп жазады pavon.kz.

Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, өзін өзі өртеген азаматтың ұлы сол оқиға кезінде зардап шеккендер арасында ауруханадан соңғы болып шықты. Бұған дейін оның жанында сол күнгі қонақтардың арасында болған, денесінің 25% пайызын күйік шалған азаматтар бірге ем қабылдаған еді. 

Естеріңізге сала кетейік, Павлодарда 3 сәуір күні отбасылық отырыста ер адам үстіне жанармай құйып, өзін өртеп жіберген болатын. Оны құтқармақ болған әйелі кейін ауруханада көз жұмды. Одан басқа 14 адам зардап шеккен, оның бесеуі жасөспірім.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары