Мамыр айының орта тұсында Өскемен қаласында қар жауды, деп хабарлайды yk-news.kz.
Бүгін таңғы сағат 7.00-де Өскемендегі ауа температурасы тек +2 градус жылулықты көрсетіп отырған. Бұған қарамастан, қысқа мерзімді қар жауып, артынша еріп кетті.
Сонымен қатар, алдағы күндері облыс орталығында күн әлі де салқын болатынын хабарланады. 16-17 мамырда күн бұлттанып, күндіз ауа температурасы +10-13 градус, түнде -3-5 градус болады деп күтілуде.
Айта кетейік, алдағы күндері еліміздің барлық аймағында ауа райының температурасы күрт төмендейді деп болжанып отыр. 30 градустық ыстықтан кейін, күндізгі ауа температурасы +17-22 градусқа дейін төмендейді. Ал солтүстік өңірдің шеткі аумақтарында +8-13 градусқа дейін салқындайды.