$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда салафизм ұстанушысы мүгедек әйелді тонап кеткен

Алматыда екінші топтағы мүгедек әйелді тонап кеткен күдікті ұсталды. Ұсталған ер азамат салафизм ағымының мүшесі деп жазады Zakon.kz.

Жәбірленуші «діндар» еркектің арбауына түсіп қалғанын айтып отыр. Үйленуге уәде берген ер азамат ақырында оның 1,3 миллион теңгесін алып, ізін суытқан.

«Күдікті жәбірленуші әйелмен жақын қарым-қатынаста болған. Екеуі үйленуге сөз байласып, некелерін қыйдыруды шешеді. Алайда, кейін анықталғандай, күдіктінің заңды некедегі әйелі болыпты. Ол, әйелдің сеніміне кіріп, оның үйіндегі 1 миллион 300 мың теңге қаражатты қолды қылған. Жедел іздестіру шаралары барысында күдікті ұсталды. Ол қаражаттың жартысын өз танысына бергенін, қалғанын жеке басының қажеттілігі үшін жұмсап жібергенін мойындады», - деп хабарлады Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда күдікті сот үкімін күтіп жатыр. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, ол өзінің салафизм ағымын ұстанушы екенін мойындаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#салафит