$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда ер адам балалардың ойын алаңында асылып қалды

Оқиға Үлкен Алматы өзенінің жанында болды
almaty.tv
almaty.tv

Алматыда Үлкен Алматы өзенінің жанындағы ойын алаңында 55 жастағы ер адам асылып қалды, деп хабарлайды almaty.tv.

21 мамыр күні әлеуметтік желілерде қала тұрғындарының сүйікті демалыс орынына айналған Үлкен Алматы өзенінің бойында ер адамның асылып қалғаны туралы ақпарат тарады. Аталмыш оқиға әзірге басқа ешқандай мәлімет айтылмаған.

Полиция бөлімінің баспасөз қызметі аталған ақпаратты растады.

«Бұл іс Алматы қаласының Бостандық ауданында 2019 жылдың 20 мамыр күні тіркелді. 1964 жылы туған ер адам өз-өзіне қол жұмсаудың нәтижесінде қаза тапқан. Ер азамат өлер алдында хат жазып қалдырған. Ер адамның мұндай іске не себепті барғанын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды, - деді Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары