ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жеріміздің шетелдіктерге сатылмайтынын айтты. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Фейсбуктегі парақшасында хабарлады.
«Жер шетелдіктерге сатылмайды. Бұл менің Президент ретіндегі берік ұстанымым! Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысында ауыл шаруашылығы мамандарымен болған кездесуде осылай мәлімдеді»,- деп жазды ол.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қостанай облысына барған болатын.