$ 478.93  534.96  5.16

БҚО-да студент менингитке шалдықты

Менингит қыста және көктемде өршиді. Инфекция ауа тамшылары арқылы жұғады.
Лапти.инфо
Лапти.инфо

Студенттің менингитке шалдыққаны жайлы мәлімет 17 мамырда Зеленов ауданы Махамбет ауылында тіркелген, деп жазады  uralskweek.kz.

«Зеленов ауданы Махамбет ауылында 2018 жылы бір де бір адам менингитпен ауырмаған. Бірінші боп биыл 17 мамырда 20 жастағы студент тіркеліп отыр», – дейді БҚО жұқпалы аурулар бойынша эпидемиологиялық қадағалау департаментінің басшысы Валентина Кенжеғалиева.

Эпидемиологиялық қадағалау басшысының айтуы бойынша, инфекция көзі аурудың симптомдары жоқ науқастарда да, сау адамдарда да болуы мүмкін. Олар менингококк тасымалдаушысы болады. Менингит қыста және көктемде өршиді. Инфекция ауа тамшылары арқылы жұғады.

«Сонымен қатар, менингит күтпеген жерден басталады. Адамның басы ауырады, құсады, температура 39-40° C-қа жетеді, әлсірейді», –  деді маман.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#менингит #БҚО