$ 447.4  477.55  4.76

Ринат Заитов: «Бұған дейінгі сайлауларда билік бізді өтірікпен әлдилеп келді» (ВИДЕО)

Танымал айтыскер ақын мемлекеттік маңызы бар саяси додаға жаппай қатысуға шақырды.

«Алда келе жатқан сайлау – Қазақстан қоғамын сананың серпіліп, қоғамның бір сілкінуіне әкелетін сайлау» дейді айтыскер ақын Ринат Заитов Адырна ұлттық порталына берген сұхбатында. 
Қоғамда болып жатқан өзекті мәселелер төңірегінде ойын ашық айтқан ақын алдағы маңызды науқанға бір кісідей атсалысып, мемлекеттік маңызы бар шешімнің жариялануына үлес қосуға шақырады. 

«Бізді 30 жыл билеген басшы ауысқаннан кейін қоғамның өз таңдауы өзіне берілді. Сондықтан бұл сайлауға міндетті түрде қатысуымыз керек. Бұған дейінгі сайлауларда бізді өтірікпен әлдилеп, өздері кімге дауыс бергізгісі келсе бергізіп, өз дегенін істеп келген үкімет енді осы сайлауда олай істей алмайтын шығар деп ойлаймын. Істейміз деп ойлап та отырған шығар мүмкін. Бірақ қараша халық қазір ойланды, оянды. Түгелдей болмаса да халықтың басым бөлігінің оянғанын аңғаруға болады айналадан», – дейді Ринат Заитов.

Сондай-ақ ақын «Оян қазақ, көтер басты, есті жи! Осы сайлау ең ақырғы мүмкіндік» деп саяси дода төңірегінде жазған өлеңін оқыды. «Құдай бетін аулақ қылсын, бірақ билік осы жолы да халықты ойыншыққа айналдырса, өз дегенін істесе, халық шыдамның шегінде тұр. Осы жолы да сайлауды әділетсіз өткізсе, халық сайлаудың ертесі күні алаңға шығып кететіне кепілдік беремін. Оны ешкім ұйымдастырмайды да, қарапайым халықтың көзқарасы сондай қазір»,  – деді Заитов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары