$ 444.22  476.38  4.82

Анар Абылқасова ҚР БҒМ Ғылым комитетінің төрайымы болып тағайындалды

ҚР білім және ғылым министрінің бұйрығымен Анар Сайранқызы Абылқасова Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің төрайымы болып тағайындалды.
фото: primeminister.kz
фото: primeminister.kz

ҚР білім және ғылым министрінің бұйрығымен Анар Сайранқызы Абылқасова Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің төрайымы болып тағайындалды деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.

А. Абылқасова 1976 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 1997 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін «журналист» мамандығы бойынша, 2000 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «журналистика магистрі» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде журналистика кафедрасының оқытушысы ретінде бастаған.

2000–2004 жж. — Солтүстік Қазақстан университетінің оқытушысы, аға оқытушысы.

2004–2009 жж. — Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің саясаттану кафедрасының аға оқытушысы, доценті.

2009–2015 жылдары ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің құрылымында жұмыс істеді: Хатшылық сарапшысы; Талдау орталығының сектор меңгерушісі, консультанты; Ситуациялық орталықтың сектор меңгерушісі қызметтерін атқарған.

2015 жылғы шілдеден бастап қазіргі таңға дейін ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау бөлімінің сектор меңгерушісі қызметін атқарған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары