$ 444.32  473.33  4.76

Қазақстандықтар еміне 32 мың доллар жинаған алматылық ару операция нәтижесін көрсетті

2012 жылы беті бір жаққа қисайып кеткен Мәдинаға дәрігерлер неврит диагнозын қойған болатын. Бойжеткен күйзеліске түсіп, жұмысынан шығып кеткен.

Қазақстандықтар еміне 32 мың доллар жинаған алматылық ару операциядан кейінгі  келбетін көрсетті, деп жазады inAlmaty.kz.

«Операциядан кейін мені көрген туыстарым, достарым, әріптестерім таң қалып жатыр. Қазір әлі ісік бар. Бұлшықеттердің қалыпқа келуі үшін тағы біраз уақыт керек. Шілдеде жаттығулар басталады. Маған берген көмектеріңіз үшін барлығыңызға көп рахмет. Операция алдында біраз адам хабарласып, уайымдап, маған тілекші болды»,   – дейді Мәдина. 

Еске сала кетейік, 2012 жылы беті бір жаққа қисайып кеткен Мәдинаға дәрігерлер неврит диагнозын қойған болатын. Бойжеткен күйзеліске түсіп, жұмысынан шығып кеткен. Алайда біраз уақыт өткеннен кейін ол көптен көмек сұрап, жазылып кететініне сене бастаған. 

Кейін депутат Қайрат Құдайберген операцияға 1 миллион теңге бөлді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары