Видеоны жеке парақшасынан таратқан азаматтың жазбасына сүйенсек, аталған жағдай Талдықорғанда болуы мүмкін. Бір-бірін аяусыз соққыға жыққан он шақты қыз жоғары сынып оқушыларына немесе студенттерге ұқсайды. Олардың шектен шыққан дөрекі әрекеттерін сырттан бақылап, видеоға түсіріп тұрған жігітті желі қолданушылары төбелесті ажыратпағаны үшін қатаң сынап тастады.
Пікір айтқандар қыздарға да «қаһарын төкті». «Құдай-ай, қазағымның қыздары-ай, болашақ ана емессіңдер ме? Тексіздер-ай. Алла сана берсін, бермесе ала берсін деген ғой» деді көпшілік.