$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте құжатсыз үй жануарларын саудалауға қарсы рейд басталды

Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбеков пен басқарма қызметкерлерінің, Шымкент қаласының «Ветеринариялық қызмет» ММК-ның ит аулау бригадасы және ветеринариялық дәрігерлерінің, «Вторая жизнь» қоғамдық қайырылымдылық қоры мен Әл-Фараби ауданына қарасты жергілікті полиция өкілдерінің қатысуымен Шымкент қаласының Д. Қонаев даңғылы және Түркістан көшесі қиылысы маңында заңсыз, құжатсыз жануарларды сатуға тосқауыл қою мақсатында рейдтік іс-шара жүргізілді.

Іс-шара барысында қала аумағында заңды ветеринариялық құжаты жоқ жануарларды (ит, мысық) сатуға болмайтындығы туралы ескертілді. Сонымен қатар заңсыз жануарларды сатушыларға Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы №47/384-6с шешімімен қаладағы иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету қағидасын түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жергілікті полиция қызметкерлері тарапынан хаттамалар толтырылып, заңсыз сатушылардан жазбаша түсініктеме алынды.

Алдағы уақытта жоғарыда аталған рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде жүргізілетін болады.

«SN.kz»-ақпарат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары