Атырау облыстық перинатальды орталықта 24 жастағы жүкті әйел қайтыс болды, деп жазады azh.kz.
Бас дәрігер Қуаныш Нысанбаев әйелдің қайтыс болғанын растап отыр.
«Ол бізге 24 мамырда түскен. Ай-күні жеткен, тура 9 ай болған. 25 мамырда кесарево жасадық. Арада 4 сағат өткенде жағдайы нашарлай бастады. Біздің тәжірибелі дәрігерлер оның өмірін аман алып қалу үшін күресті. Алайда тек сәби ғана тірі қалды», – дейді Нысанбаев.
Дәрігер өлім себебін білу үшін сараптама қорытындысын күткен дұрыс дейді.
«Әр ананың өлімі біз үшін трагедия. Әзірге сараптама қорытындысын күтіп отырмыз. Сосын қызметтік тексеріс жүргіземіз», – дейді ол.