$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда оқушы қыздар пышақ тақаған бұзақыға телефондарын ұстатып жіберді

Бұзақы жігіт мектеп оқушыларын пышақпен қорқытып, ұялы телефондарын тартып алған.
Фото: Пятый канал
Фото: Пятый канал

Алматы облысының полициясы екі оқушыны тонаған күдіктіні қолға түсірді. 28 мамырда Алмалыбақ ауылының тұрғыны тәртіп сақшыларына арызданған. Саябақта қыдырып жүрген 13 жасар қызы мен құрбысына белгісіз азамат шабуыл жасапты. Бұзақы жігіт мектеп оқушыларын пышақпен қорқытып, ұялы телефондарын тартып алған. 

«Арыз түскеннен кейін бірнеше сағаттың ішінде іздестіру жұмыстары басталып кетті. 30 жас шамасындағы алматылық күдікті қолға түсті», - дейді SN.kz тілшісіне Алматы облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Көбейхан Нұрахмет.  

Қазіргі күні суық қарумен оқушыларға шабуыл жасаған азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оның басқа қылмыстарға да қатысы болуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Алматы #тонау