$ 494.87  520.65  4.91

Нұр-Сұлтаннан Прагаға ұшатын жаңа әуе рейсі ашылды

Бүгін «Нұр-Сұлтан-Прага-Нұр-Сұлтан» бағыты бойынша тұрақты рейстің тұсаукесер рәсімі өтті.
Tengrinews.kz
Tengrinews.kz

Бүгін «Нұр-Сұлтан – Прага – Нұр-Сұлтан» бағыты бойынша тұрақты әуе рейсінің тұсаукесер рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Facebook-тегі ресми парақшасында.

«ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті әуе қозғалысының халықаралық желісін кеңейту бойынша жұмысты жалғастыруда.

Бүгін «Нұр-Сұлтан-Прага-Нұр-Сұлтан» бағыты бойынша тұрақты рейстің тұсаукесер рәсімі өтті.

2019 жылдың 2 маусымынан бастап SCAT әуекомпаниясы Қазақстан мен Чехияның астаналары «Нұр-Сұлтан» және Прага қалалары арасында «Boeing 737» ұшағымен аптасына 2 рет тұрақты рейстерді орындайтын болады.

Бұл рейстің ашылуы маршруттық желілерді дамытуға ықпал етіп, туризмді дамытуға және екі елдің транзиттік әлеуетін арттыруға үлес қосады.

Жыл басынан бері Жуковский-Қарағанды, Жуковский-Көкшетау, Жуковский-Петропавл (ИрАэро), Алматы-Баку (AZAL авиакомпаниясы) бағыттарында жаңа халықаралық бағыттар ашылды. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 2 маусымынан бастап, SCAT әуе компаниясы «Нұр-Сұлтан-Ұлан-Батор-Нұр-Сұлтан» бағытындағы тұрақты рейстерді орындауды жоспарлап отыр», – деп жазылған хабарламада. 

Сондай-ақ осы жылдың аяғына дейін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.А. Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес «Нұр-Сұлтан-Токио» тікелей рейсін ашу да жоспарларында бар екен. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары