$ 498.51  522.84  4.81

Головкин «Вечерняя Караганда» басылымынан кешірім сұрауды талап етті

Генадий Головкин аймақтық «Вечерняя Караганда» басылымынан өзінен кешірім сұрауды талап етіп отыр. Оған басылымда шыққан мақала мен тақырыбы ұнамаған көрінеді деп хабарлайды baistars.kz.

«Вечерняя Караганда» басылымының редакторы Ерлан Жетеновтің айтуынша, редакцияның электронды поштасына «Генадий Головкин кәсіпкерлікпен айналыспақ» деген тақырыпта шыққан мақаланы жоққа шығаруды талап еткен хат келіпті.

«Шындығына келгенде, аздап абдырап қалдым», – дейді редактор.

Ерланның сөзіне сенсек, бұл мақаланың жазылуына боксшы Қарқаралыдағы базаның құрылысын бастағаны түрткі болған.

«Бұл негізінде кәсіпкерлік. Ол үшін Головкинді айыптамайды. Ол өзінің құқығы. Қазір көптеген адамдар кәсіпкерлікпен айналысып жүр. Көптеген спортшылар киім мен аксессуар шығаратын фирмалармен келісімшартқа отырған. Одан аз ақша таппайды. Бұл ешқандай трагедия емес», – дейді басылымның редакторы.

Хатта боксшының имиджмейкерлері танымал спортшының намысына тиіп, атына зиян келтіргенін айтады. Головкин канадалық Давид Лемьемен соңғы өткізген жекпе-жегінен соң, сұхбат берген болатын. Онда Генадий «Мен кәсіпкер емеспін, мен боксшымын» деген сөзін басылым теріске шығарып, материал жазғанын айтады.

Сондай-ақ, боксшының менеджерлері Генадий Головкиннің анасы басылымға сұхбат бермегендігін алға тартады. Хат авторлары 2015 жылдың 11-желтоқсанына дейін боксшыдан, оның анасынан және менеджерлерден кешірім сұрап, мақаланы теріске шығаруды талап етіп отыр.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары