Әскер қатарында қызмет етіп, Отан алдындағы парызды өтеуге әрбір азамат міндетті. Себебі, туған жерді, елді, атамекенді қорғау – қасиетті борыш. Әрбір ер азамат әскерге баруды абыройлы міндет ретінде сезіне отырып, ел алдында берген антты орындайтын үлкен асу баспалдағы тұрғанын естен шығармауы тиіс.
ҚР Қорғаныс министрлігі қазіргі уақытта азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру бойынша көктемгі әскерге шақыру науқаны жүргізіліп жатқанын хабарлайды.
Жүрегі елім, жерім деп соққан, Қарағанды облысындағы патриот 18-27 жастағы әскерге шақырылушылар міндетті түрде әскери қызметке жарамдылық дәрежесін анықтау үшін медициналық комиссиядан өту үшін әскери есепке алу орны бойынша жергілікті әскери басқару органдарына келуі қажет.
Әскерге шақыру комиссиясы қазір алдын алу шараларын жүргізуде. Әскерге шақыру жасындағы жастарға қолданыстағы заңнаманы түсіндіру өткізілуде және тәртіп бұзғаны үшін жауапкершілікті еске салады. Осындай іс-шаралар жыл сайын наурыз-маусым айлары аралығында және қыркүйек айынан желтоқсан айына дейін өткізіледі.
Әскерге шақыру және медициналық комиссиялар «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңына сәйкес, сондай-ақ «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2019 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 13 ақпандағы № 840 Жарлығына сәйкес ҚР Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери бөлімдері мен мекемелерін жас толықтырумен жасақтау бойынша жұмыс жүргізуде.
Әскер қатарында қызмет етіп, Отан алдындағы парызды өтеуге әрбір азамат міндетті. Себебі, туған жерді, елді, атамекенді қорғау – қасиетті борыш. Әрбір ер азамат әскерге баруды абыройлы міндет ретінде сезіне отырып, ел алдында берген антты орындайтын үлкен асу баспалдағы тұрғанын естен шығармауы тиіс.