Англияның Бертли қаласында «Жыл анасы» атанған Хелена Карин адам сенгісіз қылмыс жасады деп танылып отыр. Ол өз күйеуін айуандықпен өлтірген. Бұл туралы SN.kz тілшісі Lenta.ru ақпараттық агенттігінің мәліметіне сүйеніп хабарлайды.
Қылмыскер әйелдің айтуы бойынша, барлығы ішімдік үшін болған. Хелена ішімдік әкелу үшін үйден шыға бергенде, күйеуі жұдырық ала жүгіреді. Сотта әйел тек өзін қорғау үшін оның жүрек тұсына пышақ сұғып алғанын айтады. 45 жас шамасындағы еркек телефонға әрең жетіп, жедел жәрдем шақырып үлгереді. Бірақ ол алған жарақатынан көз жұмады.
Тәртіп сақшылары британдық әйелді қамауға алады. Сот процесі кезінде қолданылған видеоайғақтардан оның расымен де тек қорғану мақсатында осындай қадамға барғандығы белгілі болады.
Айта кетейік, жергілікті басылымның көмегімен науқас қызының еміне қомақты қаражат жинаған әйел «Жыл анасы» атанады. Алайда дәрігерлер баланы аман алып қала алмаған. Күйіктен ішімдікке салынып кеткен. Аталған іске қатысты кезекті сот отырысы енді өтеді.