$ 494.87  520.65  4.91

Cемейде 20 жастағы мас жүргізуші пойызбен соқтығысты

Полицейлердің мәліметінше жол апаты 30 мамыр күні сағат 04:30 шамасында «Жансая» базары маңындағы темір жол өткелінде болған.
Фото: pikabu.ru
Фото: pikabu.ru

Оқиға темір жол өткелінде болған. Медициналық сараптама көлік жүргушісінің ішімдік ішкенін анықтады, деп жазады YK-news.kz.

Полицейлердің мәліметінше жол апаты 30 мамыр күні сағат 04:30 шамасында «Жансая» базары маңындағы темір жол өткелінде болған.  

«20 жастағы мас жүргізуші шлагбаумның жабық екеніне қарамай өткелді кесіп өтпек болған.  Салдарынан «Павлодар — Алматы» бағытындағы пойызбен соқтығысқан. Қатты жарақат алғандар жоқ. Медициналық сараптама жүргізушінің ішімдік ішкенін анықтады», –  дейді ШҚО полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әйгерім Нұрғазина. 

Жүргізуге әкімшілік хаттама толтырылды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ДТП #ШҚО