$ 494.87  520.65  4.91

Қызылордада жүк көлігі 2 баланы қағып өлтіріп, қаша жөнелген

Кейін қашып кетуге тырысқан. Алайда, сол маңда жүрген куәгерлер жүк көлігін қуып жетіп, оны полицейлерге ұстап берген.
Фото: spb.aif.ru
Фото: spb.aif.ru

Қайғылы жағдай 30 мамыр күні Белкөлде болған. 2 баланы қағып кеткен жүк көлігінің жүргізушісі оқиға орнынан қашып кетпек болған, деп жазады NUR.KZ.

2014, 2015 жылғы 2 баланы үйінің маңында ойнап отырған жерінен КамАЗ басып кеткен. Кейін қашып кетуге тырысқан. Алайда, сол маңда жүрген куәгерлер жүк көлігін қуып жетіп, оны полицейлерге ұстап берген. 

Қызылорда облыстық полиция департаменті оқиғаны растады. 

«Балалар алған жарақатынан сол жерде көз жұмды. ҚР ҚК 345, 347-баптың 4-бөлігі бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. 

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр»,  – деп хабарлайды полиция. 

Куәгерлер жүргізушінің дәл сол кезде алкогольді ішімдік ішкенін айтады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары