$ 498.34  519.72  4.85

«Митингіде қайда болды?»: Азамат Сатыбалды «Мен ояндым» деген әріптестерін сынға алды

«Сол роликке қатысы барлар бірінші мамыр күні халық митингке шыққанда қайда болды? Немесе митингтен кейін адамдардың қолын қайырып, он күнге отырғызғанда қайда болды? Жер дауы болғанда сол орыстілді әріптестерім қайда болды?» деп актер сырттан қарап отырғандарды сынға алған.
Фото: Қазақ газеттері
Фото: Қазақ газеттері

Танымал актер Азамат Сатыбалды «Мен ояндым» ролигіне байланысты әріптестеріне сауал жолдады, деп хабарлайды SN.kz тілшісі. Ол өзінің Instagram  парақшасында «Менің басқа Қазақстаным жоқ. Отаныма тіл тигізген адамды ұнатпайтыным рас. Атын атап, түсін түстеп жаманда, нақты айт. Оған Отан анамыздың кінәсі жоқ. Оған ортамыздан шыққан адамдар кәнілі. Әйтпесе жалпылама айтып, батыр болмай-ақ қой!»  деп бастаған әңгімесін тікелей сауалмен сабақтайды. 

«Сол роликке қатысы барлар бірінші мамыр күні халық митингке шыққанда қайда болды? Немесе митингтен кейін адамдардың қолын қайырып, он күнге отырғызғанда қайда болды? Жер дауы болғанда сол орыстілді әріптестерім қайда болды? Елін сүйген адам елді айдақтап қойып, өздері жылы жерде отырмайды» деп сырттан қарап отырғандарды сынға алған. 

Бүтін елді бүлдірудің оңай, бірақ оны қалыпқа келтірудің қиын екенін айтқан актерді «Менің айта алмай жүрген дүниенің бәрін жеткізгеніңізге рахмет!», «Дұрыс, Азамат! Орысша сөйлеп оянбай-ақ қойсын! Олар керексіз болып қалған соң, хайп қуып жүр!» деп пікір қалдырып, қолдаған оқырман қатары көп. 

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін бір топ жас «Мен ояндым» деген челлендж бастап, елдегі әлеуметтік мәселелерді көтерген болатын. 

Ертеңіне басқа тарап оларға қарсы жауап берді. 

Өз кезегінде, челленджке қатысқан актриса, «отыз жасымда үйім жоқ» деген Айсұлу Әзімбаеваның зәулім сарайда тұрып жатқанын әшкерелегендер болды. 

Онымен, Айсұлу Әзімбаева өзінің үйі жоқтығын, әзірге ата-анасымен тұрып жатқанын жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары