Жаңалықтар 03.06.2019 сағат 09:01

Желіде суға кеткен ер адамның құтқарылған видеосы тарады (ВИДЕО)

Оқиға орнына келген дәрігерлер тұншыққан ер адамға көмек көрсетіп, ауруханаға жеткізген. Ер адам жағада балық аулап отырып, артынша суға шомылмақшы болып, аяғы тартылып қалған.
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Полиция майоры Қарағанды қаласындағы Фёдоров су қоймасында суға кеткен ер адамды аман алып қалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Қарағанды қалалық полиция басқармасының жергілікті полиция аға инспекторы Дастан Азанбаеков інісімен бірге 2 мауысымда жеке көлігімен түскі үзілісте үйіне кетіп бара жатқан уақытта суға батып жатқан адамды көрген. Інісі осы уақытта телефонына видеотүсірілім жасаған.

Полиция қызметкері дереу құтқаруға асыққан, ал інісі «102-ге»  қоңырау шалған.  

Оқиға орнына келген дәрігерлер түншыққан ер адамға көмек көрсетіп, ауруханаға жеткізген. Ер адам жағада балық аулап отырып, артынша суға шомылмақшы болып, аяғы тартылып қалған.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар