2 маусым күні таңертең тұрғын үй ғимаратының артында ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды NewTimes.kz.
«2 маусымда сағат 09:42-де жедел жәрдем станциясына қоңырау түскен. Громовая көшесі 2/1 үйдің артында 30-35 жас аралығындағы адамның асылып тұрғаны хабарланған. Марқұм жедел жәрем келгенше қайтыс боп кеткен», – деп хабарлайды БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынова.