«Дамбалына қолын сап, қоздырып жатыр». Ақтөбе тұрғындары кішкентай қызға бас салған педофилді ұстап алып, оның видеосын Instagram-парақшасындағы @aktobobe_zellо тобына жариялады.
Кадрда куәгерлердің бірі қыздың жақынына «Дамбалына қолын сап, қызды қатынды қоздырғандай қоздырып жатыр. Чупа-чупс алып берген» деп көргенін айтады. Ер адам болса, кінәсін мойындамай дал.
Оқиғаны облыстық полиция департаменті растап отыр.
«1945 жылы Қазақстан Республикасының азаматы полиция бөліміне жеткізілді. ҚР ҚК «Кәмелетке толмағандарды азғындық жолға түсіру» бабы бойынша іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», – деп хабарлайды Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.