9 жастағы қыз «Хан Шатыр» сауда орталығындағы бассейнге батып кетті. Оқиға бүгін сағат 11:30 шамасында болған, деп хабарлайды Хабар 24.
Қыз бала №10 мектеп-гимназиясындағы достарымен шомылуға келген. Бассейнде 30 шақты бала шомылып жатқан.
Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің мәліметінше, ҚР ҚК «Балалардың өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз ету үшін жауапкершіліктердің жеткіліксіз болуы» бабы бойынша іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.