Қостанайда 13 жасар жеткіншек үйдің алтыншы қабатынан құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға кеше кешке болған. Өзінің туған күнін атап өткен 13 жасар оқушы алтыншы қабаттан құлап кеткен.
«Қазір бала облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз хатшысы Ксения Жылқыбаева.
Полицейлер оқиғаның анық-қанығын тексеріп жатыр. Бұл факт бойынша тергеп-тексеру амалдары басталды.