Егер Мұхтар Әбіләзовті экстрадициялау мәселесі шешілсе, тек Ресейге ғана экстрадициялануы ықтимал. Бұл туралы 19 қараша күні Астанада ТМД мемлекетаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңесінде Ресейдің бас прокуроры Юрий Чайка мәлім етті
«Оны экстрадициялайтын болса, тек Ресейге ғана береді. Біз көп іс атқардық, барлық сот инстанцияларынан өттік, Франция біздің ұстанымымызды қолдады. Мұхтар Әбіләзов Ресей Федерациясына экстрадициялануы керек», – деп атап өтті Чайка журналистерге берген сұхбатында.
«Біздің бұл ұстанымымызды Франция үкіметі де қолдап отыр. Мемлекеттік кеңес деңгейінде саяси шешім жасалуы тиіс. Егер ондай шешім жасалып жатса, онда ол Ресейге беріледі. Ол Ресей аумағында қылмыс жасады, Ресей қаражаттарына қол сұқты, бірнеше миллиард долларды жымқырды, сондықтан егер экстрадицияланса, оған бірнеше айыптар тағылады», – дейді Чайка.