$ 498.34  519.72  4.85

«Өз бизнесіңді қалыптастыр» конкурсы басталды

«Өз бизнесіңді қалыптастыр» конкурсының жаңа кезеңі басталды.

Конкурстың ұйымдастырушысы «Kaspi Bank» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслава Ким,  Singulariteam қорының басқарушы серіктесі Кеңес Рақышев пен  «Сәби» қайырымдылық қоры.

Жобаның мақсаты — қазақстандық жастардың кәсіпкерлігіне қолдау көрсету. Ұйымдастырушылар конкурсқа қатысушылардың өтініштерін 2016 жылдың қаңтар айының соңына дейін қабылдайды. Өтініштерді қабылдау аяқталған соң конкурс жеңімпаздары анықталып, жобаларын дамытуға арналған грантқа (100 мың доллардан кем емес) ие болады.

Еске сала кетейік, аталған конкурс аясында 2013-2014 жылдары 340 мың доллар көлемінде 15 жоба қолдау тапқан. Конкурс ұйымдастырушылары хабарлағандай, конкурстың жаңа кезеңінде сыйақы қоры 200 мың доллардан асуы мүмкін. Сондай-ақ, кемінде бес жобаға қаржылық қолдау көрсету жоспарланған. Конкурсқа қатысу шарттарын «Сәби» қайырымдылық қорының сайтынан білуге болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары