«Qazaqstan» телеарнасынан шығатын «Шаңырақ» бағдарламасында Тимур есімді жігіт 15 тонналық жүк көлігін сүйреді.
Көлік сүйреу үшін Тимур күнделікті жаттығу жасау керек екенін айтады.
«Осыдан 2-3 ай бұрын Астанада 24 тонналық көлікті сүйрегенмін. Енді бізге денсаулықты күту керек. Спортышлар жақсы біледі. Көкөніс көп жеу керек. Сорпа көп ішемін. Жылқының етін жеймін», – деді Тимур.
Тимур эфирде арқанды КамАЗ жүк көлігіне жегіп, беліне байлайды. Сөйтіп, бірнеше метрге көлікті сүйрейді.