Алғашқы жол көлік оқиғасы Шымкентте 22 қараша күні түнгі уақытта орын алған. 24 жастағы жігіт тізгіндеген Lexus жол талғамайтын көлігі Байтұрсынов көшесінде жолдың қарама-қарсы бағытымен жүріп, Audi-80 маркалы көлікпен соқтығысты деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөз қызметі.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, оқиғаға кінәлі жүргізуші көлікті мас күйде басқарған.
Осы апат салдарынан "Аудиде" болған 4 адам ажал құшты. Олардың бірі 1963 жылы туған жүргізуші болса, екеуі 4 және 1 жастағы сәбилер, төртіншісі 1987 жылғы жігіт. Барлығы ла Шымкент қаласының тұрғындары.
Екінші жол көлік оқиғасы кеше түнде 00:30 шамасында орын алды. Алматы-Ташкент-Термез тас жолының Шымкенттен өтетін бөлігінде 24 жастағы жас жігіт «Лада-21073» көлігімен бетон блокқа барып соқтығысқан. Салдарынан жүргізушінің өзімен бірге көлікте болған 1990, 1991 және 1993 жылы туған тағы үш жігіт қайтыс болды.
Аталған қос факті бойынша қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 345 бабы бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.