$ 494.87  520.65  4.91

«Жануарларды адамдардан қорғау қажет»: Ақтауда белгісіз біреулер 3 итті атып кетті

Еріктілер оқиға орнынан аң аулайтын мылтық оғының 2 гильзасын тапқан.
Фото: lada.kz
Фото: lada.kz

Ақтау қаласында 11 шілде күні, сағат 14:00 шамасында белгісіз ер адамдар жануарлар үйіне кіріп, 3 итті атып өлтірген, деп хабарлайды lada.kz.

Еріктілер оқиға орнынан аң аулайтын мылтық оғының 2 гильзасын тапқан. 
«Бұл ветеринарлық ату емес. Адамдар қасақана иттерді өлтіріп, денелерін өздерімен алып кеткен. Ал, қалған жануарлар жан-жаққа қашқан», –  дейді жануарлар үйінің еріктісі.
Оның айтуынша, жануарлар үйі қоршалмаған, сондықтан қаскүнемдер ішке оңай кірген.

Күзетшілер де оларды тоқтата алмаған.

Еріктілер ер адамдарды іздестіріп, жазалау үшін құқық қорғау органдарына шағым түсірмекші.
«Бұл қалай болғаны? Бүгін жануарлар, ертең адамдар оққа ұшар! Біз осыған дейін жануарлар үйін дұрыс ұйымдастыру бойынша атқарушы органдарға бірнеше рет жүгінгенбіз. Адамдарды жануарлардан емес, иттерді адамдардан қорғау қажет», - деп қорытты ерікті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Ақтау