$ 444.32  473.33  4.76

Каспий теңізіне тағы да сасық су құйылып жатқаны жайлы ақпарат тарады (ВИДЕО)

Куәгерлердің айтуы бойынша, су арнасынан сасық иісті байқаған.

Куәгерлер бүгін 12 маусымда «Солдат жағажайы» аталатын су арнасына лас су құйылып жатқанын видеоға түсіріп алды, деп хабарлайды Inaktau.kz

Куәгерлердің айтуы бойынша, су арнасынан сасық иісті байқаған. Қазір Маңғыстау облыстық экология департаментінің қызметкерлері анық-қанығын тексеріп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, 11 мамырда қала тұрғындары теңізден лас судың қайнап жатқан ағынын түсірген болатын. Кейінірек экологтар теңіздің ластануына «Юран» ЖШС кінәлі екенін анықтады. Компанияға 1,7 миллион теңге айыппұл салынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары