$ 448.81  476.82  4.77

Ақтау тұрғыны қырылып жатқан балықтарды видеоға түсірді (ВИДЕО)

Куәгердің айтуынша, қырылып жатқан 10 шақты балықты ол Жылы жағажайда түсіріп алған.

Әуесқой видеоны Ақтау тұрғындарының бірі түсірген, деп жазады  lada.kz.

Куәгердің айтуынша, қырылып жатқан 10 шақты балықты ол Жылы жағажайда түсіріп алған. 

«Күні кеше, яғни 12 маусымда Жылы жағажайға келдім. Мына балықтарды көріп шошып кеттім. Олар теңізге төгілген заттан уланып жатқан сияқты», –  деді ер адам. 

Еске сала кетейік, кеше 12 маусымда әлеуметтік желіде Каспий теңізіне лас нәрсе төгіліп жатқаны хабарланған. Ақтаулық экологтар Солдат жағажайынан сынама алды. Тексеріп жатыр. 

Дереккөз: NewTimes.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Балық #Ақтау