$ 444.22  476.38  4.82

Түркия атып құлатқан Су-24 ұшағының екінші пилоты құтқарылды

Түркия тарапы кеше атып құлатқан ресейлік Су-24 ұшағының екінші пилотын сириялық әскерилер құтқарып алды. Бұл жайында ливандық Al Mayadeen телеарнасы өзінің Фэйсбуктегі парақшасында мәлімдеді.

 

Дереккөздің хабарлауынша, жоғалған ұшқышпен байланыс 6 сағаттан кейін орнаған. Сирия әскерінің сарбазы екі сағат көлемінде жаралы ұшқышты содырлардың аумағынан қауіпсіз жерге алып шыққан. Қазіргі таңда ол Хмеймим қаласындағы ресейлік әуе базасында ем қабылдап жатыр.

Дегенмен, ресми түрде Ресей тарапы бұл мәліметті әлі растаған жоқ.

Естеріңізге салайық, Сириядағы лаңкестерге әуеден шабуыл жүргізумен айналысқан ресейлік Су-24 әскери ұшағын кеше Түркия тарапы атып түсірген болатын. Ұшақ Сирияның солтүстік аумағына құлады.

РФ Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, апатқа ұшыраған ұшақта екі ұшқыш болған. Олардың екеуі де ұшақтан секіріп үлгергенімен, біреуі жерден атылған оқтан ажал құшты. Ал, екіншісінің тағдыры бүгінге дейін белгісіз болып келген еді. Сондай-ақ, іздеу жұмыстарын жүргізбек болған ресейлік тікұшақты сириялық содырлар жарып жіберді. Салдарынан бір саорбаз қаза тапқан.

РФ президенті Владимир Путин болса Түркияны лаңкестерге қолдау көрсетті деп айыптап отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары