Түркияда атып түсірілген Су-24 ұшағы төңірегіндегі оқиғаның Түркия мен Ресейдің екі жақты қарым-қатынасы үшін «аса ауыр» зардаптары болуы мүмкін.
Сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деп мәлім етті.
Сейсенбі күні Түркияның әуе күштері Сириямен шекаралас аймақта ресейлік Су-24 әскери ұшағын атып түсірді. Ұшқыштардың бірінің қаза тапқаны белгілі болды, алайда, кейін БАҚ-та екінші ұшқыштың да қаза болғаны хабарланды.
Өз кезегінде Ресей президенті Владимир Путин Түркия әскери әуе күштерінің ресейлік Су-24 ұшағын атып түсіруі жайлы оқиғаны лаңкестерге дем берушілердің Ресейге қапыда жасаған соққысы деп бағалады.
«Түрік әскери әуе күштерінің Ресей бомбалаушысын негізсіз атып түсіруі — екі жақты қарым-қатынастар үшін аса ауыр зардаптарға әкеліп соқтыруы мүмкін күрделі оқиға», — делінген Тоқаевтың Твитердегі парақшасында.