Түркістан облысының басшысы Өмірзақ Шөкеев қай салада қызмет етсін, кәсіби маман көрсе, өз командасына қосып жүреді. Бұл туралы өңір әкімі Түркістан қаласының құрылғанына 1 жыл толуына орай журналистер қауымымен кездесу кезінде айтты, деп хабарлайды Elitar.kz.
Бір жылда өңірде атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндама жасаған аймақ басшысы өз сөзінен соң кадр мәселесіне де тоқталып өтті.
«Біреулер жақындарын, жерлестерін тартады деп ойлайды. Шын мәнінде олай емес. Оны тексеру оп-оңай. Мен жұмыс істеген бүкіл жерлерде өзім тағайындайтын, мен жұмысқа тартқан адамдарды алып, анализ жасасаңыздар, бәрі шығады. Негізі мен қай жерде істейін, Қостанай, Астана немесе Шымкентте болсын, кәсіби команда теріп жүремін. Әкімдерде команда болу керек. Бірақ, кәсіби. Әр жерден, әр саладан...», - деді Өмірзақ Шөкеев.