$ 448.89  477.93  4.76

Семейде жаңажылдық шыршаны Тәуелсіздік күнінен кейін орнатады

Бұған дейін "Нұр Отан" партиясы еліміздегі жаңажылдық шыршаларды Тәуелсіздік күні мерекесінен кейін безендіруді ұсынған болатын. Билік партиясының бұл ұсынысын бірқатар өңір басшылары қолдағанымен, кейбірі оған құлақ асқан жоқ. Ал, Семей қаласының әкімдігі болса шаһардың бас шыршасын 16 желтоқсаннан кейін ғана орнататынын мәлімдеді.

"Ең алдымен еліміздің басты мерекесі - Тәуелсіздік күнін жоғары деңгейде атап өтуіміз керек. Бұл күні Қазақстанның осы егемендік жылдары жеткен жетістіктері ұлықталып, жастарды ұлтжандылыққа шақыратын шаралар жүзеге асырылады" делінген әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан хабарламасында.

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, 17 желтоқсан күні Семейдің орталық алаңына жаңажылдық шырша орнатылып, алаң безендірілетін болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары