20.06.2019, 15:05

Ақмола облысындағы ұшақ апатынан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

Фото: Sputniknews.kz
«Екеуінің де жағдайы өте ауыр. Біреуі Нұр-Сұлтан теміржол ауруханасына ашық бас-ми жарақатымен жеткізілді», –  деп хабарлайды Денсаулық сақтау басқармасы.

Ан-2 ұшақ апатынан зардап шеккен 2 адамның жағдайы нашар, деп жазады Sputniknews.kz.

«Екеуінің де жағдайы өте ауыр. Біреуі Нұр-Сұлтан теміржол ауруханасына ашық бас-ми жарақатымен жеткізілді», –  деп хабарлайды Денсаулық сақтау басқармасы. 

Айта кетейік, 20 маусымда шамамен таңғы сағат тоғызда Ақмола облысының Целиноград ауданында ұшақ апатқа ұшырады. Әуе кемесінің арнайы  авиахимиялық қолданыстағы АН-2 ұшағы екені анықталды.

Апат салдарынан әуе кемесінің командирі қаза тапты.