$ 443.85  474.3  4.8

Қазақстандық спортшы триатлоннан Азия чемпионы атанды

Чемпионаттың екінші күні Азияның 14 елінен келген 69 жігіт сайысқа түсті.

Қазақстандық Дарын Қонысбаев Оңтүстік Кореяның Кенджу қаласында өткен триатлоннан Азия чемпионатында алтын жүлдені қанжығасына байлады, деп хабарлайды Sputniknews.kz

20 жастағы талдықорғандық спортшы 23 жасқа дейінгі категорияда үш кезеңнен сүрінбей өтті: жүзу – 1,5 км, веложарыс – 40 км, жүгіру – 10 км. Бұл туралы мәдениет және спорт министрлігінің спорт комитеті хабарлады.

Осы жарыс тағы бір отандасымыз Мейірлан Искаков үшін де сәтті болды, ол қола жүлдені олжалады.
Айта кетсек, чемпионаттың екінші күні Азияның 14 елінен келген 69 жігіт сайысқа түсті. Олардың арасында Гонконг, Иран, Қытай, Макао, Малайзия, Моңғолия, Непал, Сингапур, Сирия, Филиппин, Тайвань, Оңтүстік Корея, Жапония елдері бар.

23 жасқа дейінгі атлеттер арасында Қазақстан намысын Дарын Қонысбаев, Мейірлан Искаков және жарыста сегізінші орын алған Семен Пивоваров қорғады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары