$ 443.85  474.3  4.8

Қарағанды облысында Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығы тойланбақ

Шара облыс мектептерінің оқушыларының қатысуымен өтеді.

Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған басты шара 20 қыркүйекте Қарағандыда Орталық мәдениет және демалыс саябағының сахнасында өтеді. Бұл туралы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Еркебұлан Ағымбаев мәлімдеді.

Шара облыс мектептерінің оқушыларының қатысуымен өтеді.

«Сәкен оқулары» өтті. Сондай-ақ, аудандық театрлар байқауы, ақындар мен жазушылар арасында дода, ән байқауы ұйымдастырылды. Жаңаарқа ауданында біз алғаш рет «Арқаның сал-серілері 2019» атты облыстық ақындар мен әншілер сайысын ұйымдастырдық. 

Облыстың барлық мұражайлары мен кітапханаларында жыл соңына дейін семинарлар, дөңгелек үстелдер, кітап көрмесі және тақырыптық көрмелер өтеді. Барлығы 60-тан астам мерейтойлық іс-шара өткізуді жоспарлап отырмыз», - деді Еркебұлан Ағымбаев.

Ол сондай-ақ жазушының 125 жылдығына орай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы зерттеу жұмыстарын жүргізетінін атап өтті. Нәтижесінде Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен қызметі туралы монография шығарылады. 

С. Сейфуллин атындағы театр және Жезқазғанның Қожамқұлов атындағы Қазақ музыкалық театрында Жолтай Алмашевтың «Сәкеннің соңғы сапары» және «Сәкеннің соңғы сәттері» атты жаңа спектакльдері қойылады.

«Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған басты шара 20 қыркүйекте Қарағандыда орталық саябақтың сахнасында өтеді. Бұл күні онда қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен үлкен концерт өтеді. Сондай-ақ көрмелер, ойындар, театрландырылған қойылым ұйымдастырылады, - деді Еркебұлан Ағымбаев. 

Сондай-ақ ол ақын, жазушының мерейтойын атап өту мұнымен шектелмейтінін күзде республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция жоспарланғанын атап өтті. 

«Оны облыстық Тілдер басқармасы ҚарМУ-мен бірлесіп ұйымдастырады. Қараша айында облыс әкімінің кубогы үшін жарыс өтеді. Облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасы шахматтан республикалық чемпионат ұйымдастырады. Ал Шет ауданында «Салбурын» республикалық турнирі мен «Дала дауысы» атты халық әндерін орындаушылар арасында байқау өткізіледі», - деді Еркебұлан Ағымбаев.

Мерейтойға орайластырылған салтанатты шаралар Сәкен Сейфуллин туралы деректі фильм көрсетілімімен аяқталады. Картинаның премьерасы жыл соңына жоспарланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары