$ 494.87  520.65  4.91

3,5 мың түлек ҰБТ сынағынан сүрінді

Бірінші лек бойынша қатысушылардың 76,5% шектік деңгейден өтті. Ең жоғары балл - 137 балл.
Фото: Otyrar.kz
Фото: Otyrar.kz

Білім және ғылым министрлігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы күнін қорытындылады, деп хабарлайды Stan.kz

Ол 20 маусымда ұлттық тестілеу орталығының call-центріне ҰБТ өткізу мерзімі, тамызда өтетін тестілеу және ҰБТ нәтижелері туралы 34 қоңырау келіп түскенін айтты.

«Бірінші лек бойынша қатысушылардың 76,5% шектік деңгейден өтті. Ең жоғары балл - 137 балл. Биылдан бастап әкімдіктерден ҰБТ нәтижесі бойынша рейтинг жасамауды сұрадық. Сол себепті орташа балл мен ең төменгі балл есептеген жоқпыз. Бүгін сағат 13:00 бастап апелляциялық комиссия жұмысын бастады. Жалпы ҰБТ бірінші күні штаттық режимде жақсы өтті», - деді ол.

ҰБТ алғашқы легінде республика бойынша өту ұпайынан асқандар саны - 9 338, ал шекті балл жинай алмағандар саны 3 434 адамды құрады.

«Рейтинг жасау - әділетсіз». Министр ҰБТ-дан жарыс ұйымдастырмауды өтінді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары