$ 495.2  522.34  4.94

«Шықсаңдаршы індеріңе тығылмай»: Айгүл Орынбек Ермекбаевқа үндеу жасады (ВИДЕО)

«Арыста әскери қойма жарылып, халық жан-жаққа қашуда.  Жол сілтейтін басшылар қайда? Ермекбаев қайда? Шықсаңдаршы інге тығылған тышқан сияқты болмай», – деп жазды ол.

Түркістан облысы Арыс қаласындағы әкери қару-жарақ қоймасындағы жарылысқа қатысты заңгер Айгүл Орынбек үндеу жариялады. Блогер Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына видео жариялап, ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевқа шара қолдануды сұрады. 

«Арыста әскери қойма жарылып, халық жан-жаққа қашуда.  Жол сілтейтін басшылар қайда? Ермекбаев қайда? Шықсаңдаршы інге тығылған тышқан сияқты болмай», – деп жазды ол. 

Айта кетейік, бұған дейін Арыс қаласындағы әкери қару-жарақ қоймасындағы жарылыс болғанын жазған едік. Кейін тұрғындардың қауіпсіз жерге көшіріліп жатқаны жайлы ресми ақпарат тарады. Алайда әлеуметтік желіде көшеде тентіреп жүрген халықтың видеосы жарияланып жатыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Арыс