Түркістан облысы Арыс қаласындағы әкери қару-жарақ қоймасындағы жарылысқа қатысты заңгер Айгүл Орынбек үндеу жариялады. Блогер Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына видео жариялап, ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевқа шара қолдануды сұрады.
«Арыста әскери қойма жарылып, халық жан-жаққа қашуда. Жол сілтейтін басшылар қайда? Ермекбаев қайда? Шықсаңдаршы інге тығылған тышқан сияқты болмай», – деп жазды ол.
Айта кетейік, бұған дейін Арыс қаласындағы әкери қару-жарақ қоймасындағы жарылыс болғанын жазған едік. Кейін тұрғындардың қауіпсіз жерге көшіріліп жатқаны жайлы ресми ақпарат тарады. Алайда әлеуметтік желіде көшеде тентіреп жүрген халықтың видеосы жарияланып жатыр.