Жақында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау алды бағдарламасының орындалу жоспарымен бөліскен болатын. Мемлекет басшысының сайлауалды тұғырнамасында сот жүйесін жаңарту, тәртіп сақшыларының қызметінде қоғамдық бақылауды күшейту, мемлекеттік қызметтің беделін арттыру, халықты әлеуметтік қолдаудың кепіл етілген бірыңғай жүйесін бекіту бар.
Қоғамның бірлігін сақтап, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарта отырып, табысын арттыруды көздеген мемлекет басшысы елбасы бастаған барлық бағдарламалардың мүлтіксіз жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді мақсат етті.
«Сабақтастық, әділдік пен өрлеу» бағдарламасы жастардың саясатын қолдауға арналған. Президент елдің болашағын жастармен тікелей байланыстырады. Ол елдің қарыштап дамуы жастардың қолында деп біледі. Қасым-Жомарт Тоқаев өзі айтқандай, «Жас ұрпақтың белсенді өмірлік ұстаным қалыптасқан. Үлкен арманы бар жастардың «жетістігінің тарихы» да болуы шарт». Оның бұл пікірімен саяси шолушы Жанар Түлендинова да толықтай келіседі. Сарапшының айтуынша, жастарды қолдап, білімді мамандардың қалдыптасуына жағдай жасау, дамудың жақсы бағыты.
«Кез келген мемлекеттік басшы ең алдымен жастардың қолдауын қажет етеді. Себебі демографиялық тұрғыдан қарағанда Қазақстан жас мемлекет», – дейді саяси сарапшы.
«Әрине билік пен жастардың арасында әлеуметтік келісімді жаңарту қажет еді. Бұл бір жағынан биылғы жылды «Жастар жылы» деп атаумен де тікелей байланысты. Екі жақты нығайған байланыс арқылы жаңа толқынның әрі саяси, әрі әлеуметтік мықты күш екендігі байқалды», – дейді Жанар Түлендинова.
Сарапшы сонымен қатар, мемлекеттік қызмет сатысында өзін қалыптастырып үлгерген жас мамандарға қатысты да пікірін айтты. «Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғышқы тағайындауларынан-ақ жастарға үміт артып, сенім білдіретінлігін айқан аңғаруға болады. Мысалы, білім министрі небәрі 37 жаста, ал елордамыздың әкімі 41 жаста. Осылайша билік мінберінің жасарғанын да байқап отырмыз. Мен бұл әлі жаңарудың тек бастамасы, олардың қатарын азаматтық белсенді өкілдер толықтырады деп білемін»,- дейді шолушы.
Мемлекет басшысының жоспарында жастардың жұмыспен қамту тармағы да қарастырылған. Ел ішінде жұмыс берушілердің жастарды еңбек тәжірибиесінсіз қабылдау назарға алынатындығы, жас мамандардың біліктілік деңгейін арттыру қолға алынатындығы да айтылған болатын. Бұл тұрғыда Жанар Түлендинова «Сайлау кезінде белгілі болғандай, тек жаңашыл жастар ғана емес, орнықты орнын таппаған, жұмыссыз жастар да өз дауыстарының естілілгенін қалайды» дейді.
«Жастар үшін пайдасы зор болатын бағдарлама аясында орындалуы қажет басты жоспарлардың бірі еш жерде білім алмаған, ешқандай қызмет атқармаған жастарды жұмысқа орналастыру назарға алынып отыр. Бұған дейін жастардың осы категориясы әлеуметтік бағдарламалардан тысқары қалатын еді. Менің ойымша, бұл күрмеулі мәселердің билікке жетіп, оның шешілу жолдарының қарастырылатындығының белгісі», – дейді сарапшы.
Ол сондай-ақ тек қана саяси емес, экономикалық мекемені де жаңарту қажет екендігін тілге тиек етті.
«Сайлау науқанында жастардың оянып, шешім қабылдауға әсер етер саясаттың бар екендігін білді. Сондай-ақ олар мүмкіндіктердің есігі айқара ашылғандығын да жете түсінді», – дейді сөзін қорытып Жанар Түлендинова.