$ 494.87  520.65  4.91

Арыста тұрғын үй мен дүкен тонаған 3 адам ұсталды

«Қалада ұрлық пен тонау деректері болмауы үшін 75 полиция жасағы жұмыс істеп жатыр», - деді Тұрғымбаев.
Фото: tengrinews.kz
Фото: tengrinews.kz

Арыста дүкен мен тұрғын үйді тонағаны үшін үш адам ұсталды. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев үкімет отырысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.  

«Қазіргі уақытта Арыс қаласының периметрі бойынша күзет орындары қойылды. Қалада ешкім қалмады. Тұрғын үйлерге зақым келген, жарылмаған снарядтар бар. Тұрғындардың қалаға кіруіне тыйым салынған. Қалада ұрлық пен тонау деректері болмауы үшін 75 полиция жасағы жұмыс істеп жатыр. Қазір үш адам ұсталды, олар екі қылмыс жасаған: бір дүкенді қиратып, бір тұрғын үйді тонаған», - деді Тұрғымбаев.  

Айта кетейік, бұған дейін Арыс қаласындағы әкери қару-жарақ қоймасындағы жарылыс болғанын жазған едік. 

Кейін тұрғындардың қауіпсіз жерге көшіріліп жатқаны жайлы ресми ақпарат тарады. 

Сондай-ақ, заңгер Айгүл Орынбек Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына видео жариялап, ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевқа шара қолдануды сұрады.

Соңғы мәліметте 34 адамның дәрігер көмегіне жүгінгені хабарланған. 3 адам ауыр жағдайда. 

Арыста тағы бір жарылыстың видеосы жарияланған болатын.

Соңғы ақпараттарға сүйенсек, Арыстағы жарылыс болған аумақтан 20 шақырым қашықтықта снаряд құлаған.

Әскеридің ата-анасымен жылап қоштасқан видеосы тарады. 

Сондай-ақ, Арыстағы жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын жазғанбыз

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кешқұрым Арыс қаласына шыққанын мәлімдеп, тұрғындармен кездесті. 

Соңғы мәлімет бойынша, жарылыс салдарынан 2 адам қаза тапқаны белгілі болды.

Апат салдарынан эвакуацияланған 1149 бала ата-анасымен қауышты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары