Өмірзақ Шөкеев Арыс қаласындағы әскери бөлімнен басталған өрт бірнеше күнге жалғасуы мүмкін дейді.
Ал, 40 мыңнан астам халқы бар Арыс қаласы мен маңайдағы іргелес елді-мекендердің тұрғындары түгелдей көшіп үлгерген. Бұл туралы 31 арна хабарлайды.
Қаланың қақ ортасында жарылған снарядтан қорыққан жұртшылық бір мезетте жан-жаққа қашып жатты. Адамдар үйі мен кәсібін тастап, бала-шаға амандығы үшін Арыстан кеткен. Тіпті көлігін тастап, жаяу қашқандар бар.
Әзірге өрттің шығу себебі мен одан келген зардап белгісіз.
Қалада дүкендердің терезелері шағылған. Әр жерде әйнек сынықтары жатыр. Көшеде сынған көліктер тұр. Кей жерде артиллериялық снарядтың қалдықтары жатыр.