$ 498.34  519.72  4.85

«Біз сияқты бейшара елге АЭС салуға болмайды»: Арман Шораев Арыстағы жағдайды жемқорлықпен байланыстырды (ВИДЕО)

Шораев бұндай бұндай ойға келуіне Арыстағы оқиға себеп болғанын айтады.

«Өзбекстан және біз сияқты бейшара елге АЭС салуға болмайды».«Қазақстан барысы» жобасының авторы Арман Шораев осылай деп Facebook әлеуметтік желісіне видео-үндеу жариялады. 

Шораев бұндай бұндай ойға келуіне Арыстағы оқиға себеп болғанын айтады. 

«Атомдық қуат беру станцияларын салуына біздің ел сияқты, Өзбекстан сияқты кедей, бейшара елдерге мүлдем салдыруға болмайды. Өйткені құрылыс біткен соң сол станцияны күзететін күзетшілерге ертең радикалдар келіп, 5-10 мың доллардан пара берсе, жарылғыш заттарды реактордың астына қойып береді», – деді ол.

Сондай-ақ Шораев Арыстағы жағдай болуына не себеп екенін де айтты.   

«Арыстағы жағдай да жемқорлықпен тікелей байланысты. Сондықтан біз сияқты кедей елге атом электр станциясын салуға болмайды. Қарсылық білдірейік. Рақмет»,  – деп сөзін аяқтады.  

Айта кетейік, 24 маусым күні таңертең сағат 9:20 шамасында  Арыс қаласындағы әкери қару-жарақ қоймасындағы жарылыс болғанын жазған едік. Кейін тұрғындардың қауіпсіз жерге көшіріліп жатқаны жайлы ресми ақпарат тарады.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кешқұрым Арыс қаласына шыққанын мәлімдеп, тұрғындармен кездесті. 

Соңғы ақпараттарға сүйенсек, жарылыста 2 адам қаза тапты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары